Мәдина Бинешқызы Жарбосынова

 Мәдина Бинешқызы Жарбосынова 1954 жылы 10 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы педагогикалық шет тілдер институтын, КСРО Ғылым Академиясының Тіл білімі институтының аспирантурасын бітірген. Филология ғылымының кандидаты, 2-сыныпты Төтенше және Өкілетті уәкіл.
Алматы педагогикалық шет тілдер институтының оқытушысы, аға оқытушысы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының аға оқытушысы болып қызмет атқарған. 1991-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Шетелдік ақпарат және аудармалар секторының меңгерушісі. 1995-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі, Халықаралық ұйымдар және халықаралық экономикалық қатынастар басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көпжақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары. 1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің БҰҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар басқармасының бастығы - 1-департамент директорының орынбасары. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 1-департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі. 1999-2003 жылдары БҰҰ-дағы Қазақстанның Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қосымша атқарған. 2003 жылдың ақпанынан наурызына дейін - Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының Төрайымы. 2003 жылдың тамызынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар бойынша Елшісі. 2013 жылдың мамыр айында ЕҚЫҰ-ның Украинадағы жобаларының үйлестірушісі болып тағайындалды. 2014 жылдың маусым айында ЕҚЫҰ-ның Адам саудасымен күрес жөніндегі арнайы өкілі болып тағайындалды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста