Мәди Әсетұлы Алжанбай 1976 жылы 6 наурызда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш ауылында дүниеге келді. Орта мектепті Еңбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ ауылындағы интернационалист-жауынгер А. Бубенцов атындағы аралас мектепте 1993-ші жылы аяқтады. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін тележурналист мамандығы бойынша 2000-ші тәмамдады. 2001-2004 жж. «Үш Қиян» баспасында редактор, «Жас Алаш» газетінде тілші, 2005–2006 жж. Қазақ Радиосында тәржімашы, 2006-2007 жж. «31 телеарна», 2007-2008 жж. «КТК» телеарналарында корреспондент, 2008-2009 жж. «Қазақ Газеттері» ЖШС-да «Үркер» журналы бас редакторының орынбасары, 2009-2012 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім редакторы, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Қазір Алматы облыстық «Жетісу» газетінде бөлім редакторы.
Мәди Әсетұлы Алжанбай
Последние статьи автора