Мәди Айымбетов

 Мәди Айымбетов 1946 жылы 14 қарашада Қостанай облысы, Аманкелді ауданында туған. 1972 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдағаннан кейін республикалық газет-журнал басылымдарында қызмет істеді. 1972–1977 жылдар аралығында «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды. 1977–1984 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналында, бұдан соң 1986 жылы «Қазақстан коммунисі» (қазіргі «Ақиқат») журналында қызмет істеді. 1986–1993 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінде, 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратында бөлім меңгерушісінің орынбасары болып қызмет еткен. Қазір Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратында Редакциялық-баспа бөлімінің меңгерушісі.
Жазушының «Тәтті мұң» атты алғашқы әңгімесі 1972 жылы «Жұлдыз» журналында жарық көрді. Содан бері жазушының оннан астам кітабы жарық көрді. «Бар болғаны он төрт жас», «Ғашық болу бақыты», «Құм киесі» т.б. повестері балаларға, ауыл өміріне арналған. Орыс тілінде «Плато голубых цветов», «Чаша печали», «На тверди земной» (2001) атты кітаптары шықты. Швед жазушысы Мария Грипенің «Эльвис Карлсон» повесін, В.Шукшин, А.Головко, А.Пацюс, тағы басқа жазушылардың шығармаларын аударған. Жекелеген шығармалары украин, белорус, түркімен, өзбек, қырғыз, ұйғыр, шешен тілдеріне аударылған.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен, ҚР Құрмет Грамотасымен марапатталған. ҚР Парламентінің 10 жылдығы, «ҚР Конституциясының 10 жылдығы» және «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, ҚР Президентінің алғыс хатымен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.
Шығармалары: Шілденің күні. Повесть, әңгімелер. А., «Жалын», 1976; Ертегіден келген бала. Повесть. А., «Жалын», 1978; Көгілдір соқпақ. Әңгімелер, повесть. А., «Жалын», 1980; Көлге шомылған ай. Повестер мен әңгімелер. «Жалын», 1984; Плато голубых цветов. А., «Жалын», 1985; Шыққа тұнған нұр. Повестер. А., «Жалын», 1989; Ол дәурен бір көрген түс. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы» . 1995; «Чаша печали» А.,1977, «Жеті жарғы»; Тылсым. Повестер, «Елорда», 2001; Аспан асты, жер үсті. «Елорда», 2002; На тверди земной. Повести и рассказы. «Аударма», 2004; Құла түздегі үнсіздік. Повестер мен әңгімелер. «Жазушы», 2005; Нәзік жаңғырық. Таңдамалы повестер. «Қазақпарат», 2006; Құмөзек хикаялары. Повестер мен әңгімелер. «Раритет», 2007.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста