Ләззат Мұратқызы Танысбай
Ләззат Мұратқызы Танысбай 1973 жылы 11 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін, Алматы халықаралық журналистика институтын тәмамдаған.
1993 жылдан - «Қазақстан» РТРК жүргізушісі, редакторы. 1995 жылдан - «Хабар» агенттігі» АҚ жүргізушісі, түсіндірмешісі, жаңалықтар қызметінің продюсері. 2002 жылдан - ҚР Президентінің баспасөз қызметінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, бас инспектор. 2005 жылдан - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағаттар комитеті төрағасының орынбасары. 2008 жылдан - «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының бірінші орынбасары. 2011 жылғы қарашадан - ҚР Байланыс және ақпарат вице-министрі. 2012 жылғы ақпаннан бастап «Астана» телеарнасының бас директоры.
«Құрмет» орденімен марапатталған. Қазақстандық БАҚ арасында «Жылдың таңдаулы жүргізушісі» аталымында «Алтын жұлдыз» иегері. Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты.