Ләйлә Тұрсынбекқызы Әлпиева 1974 жылы 20 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Селезнев атындағы хореографиялық училищесін, одан кейін Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының хореография режиссурасы факультетін Б.Г. Аюхановтың классынан тәмамдаған.
1994 жылдан бері - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі. 1996 жылдан 1997 жылдары, 1999 жылдан 2000 жылдары - Словакия ұлттық опера және балет театрының солисі (Братислава). «Аққулар көлі» (Одетта), «Жизель» (Жизель), «Щелкунчик» (Маша), «Дон Кихот» (Китри), «Пахита» (Пахита), «Бақшасарай фонтаны» (Мария), «Сильфида» (Сильфида), «Корсар» (Гүлнар), «Спартак» (Эгина), «Ұйқыдағы ару» (Аврора) жетекші балет партияларын орындайды.
Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі. «Майя-94» (Санкт-Петербург, 1994) конкурсының дипломанты. Варнадағы (1996), Будапештегі (1996) Халықаралық балет әртістері конкурсының лауреаты, «Тарлан» (2000) тәуелсіз сыйлығының игері.
Ләйлә Тұрсынбекқызы Әлпиева
Последние статьи автора