Кадюков Николай Викторович 1959 жылы 3 тамызда туған. 1980 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 1979 жылы Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы халық шаруашылық академиясын бітірген, мамандығы «экономика және басқару». 2007 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы - заңгер.
Еңбек жолын 1979 жылы Қарағанды облыстық кеңесінің «Буревестник» ерікті спорт қоғамында бастады. 1986-1991 жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. 1991-1995 жылдары Москва қаласындағы «Қазақстан Республикасы мен Россия Федерациясы кәсіпорындарының іскерлік қатынасына жәрдемдесу ассоциациясы» коммерциялық мәселелері бойынша директордың орынбасары, 1996-1997 жылдары Алматы қаласындағы «Мақсат» акционерлік банкінің менеджері, 1997-1998 жылдары «Қарағанды - Карбид» акционерлік қоғамының басқарушысы болып істеді.1998 жылдың тамызынан 1999 жылдың желтоқсанына дейін «Кәсіпорындарды қайта құру және тарату жөніндегі агенттігі» ААҚ-ның Қарағанды филиалы директорының орынбасары болып істеді. 1999 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
2000 жылдың наурызынан бастап осы күнге дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істейді.
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасының орынбасары.
Кадюков Николай Викторович
Последние статьи автора