Кәдірбек Құныпияұлы
Кәдірбек Құныпияұлы 1962 жылы 27 сәуірде Алматы облысы, Райымбек ауданы, Тасбұлақ ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Абай атындағы ҚазПИ-ді бітірді. 1983-1984, 1986-1990 жылдыры Кеген аудандық «Хан Тәңірі» газетінде (қазіргі Райымбек ауданы) радио хабарларын ұйымдастырушы, 1984-1986 жылдары аудандық мемлекеттік сақтандыру инспекциясы бастығының орынбасары, 1990-2009 жылдары «Алматы ақшамы», «Өркен-Горизонт», «Қазақстан-Заман», «Жетісу», «Заң» газеттерінде бас редактордың бірінші орынбасары, бас редактор қызметтерін атқарды. Қазір «Ан-Арыс» баспасының бас редакторы.
Алғашқы өлеңдер топтамасы 1987 жылы «Қарлығаш» жинағында жарияланды. «Қарқара, қайда барасың?» (1999), «Сарыала қаз – сағыныш» (2001), «Шертер» (2007) жыр жинақтары жарық көрген. Қазақстан Жастар одағы мен Журналистер одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығының иегері (1995). 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалімен марапатталды.