Исмаилов Жұмағали Қазыбайұлы 1972 жылы 14 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын дәрігер-хирург мамандығы бойынша, Алматы экономика университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.
1995 –1997 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы, хирургиялық аурулар кафедрасының клиникалық ординаторы. 1997 – 1998 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы, хирургиялық аурулар кафедрасының аспиранты. 1998 – 2001 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы, хирургиялық аурулар кафедрасының докторанты. 2001 – 2002 жылдары Хирургия ұлттық орталығының (Астана қаласы), директоры. 2002 – 2005 жылдары Қазақ медициналық университетінің (Алматы қаласы), ғылыми-клиникалық жұмыс жөнінен проректоры. Оқу-клиникалық орталығының директоры-бас дәрігері. 2005 – 2006 жылдары Алматы қалалық денсаулық сақтау департаментінің бас хирургі. 2006 – 2009 жылдары ҚР денсаулық сақтау министрлігі, емдеу-профилактикалық жұмыс департаментінің директоры. 2009 – 2009 жылдары ҚР денсаулық сақтау министрлігі, медициналық қызмет көрсету саласын бақылау бойынша Комитет төрағасының орынбасары. 2009 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы.
Медицина ғылымдарының кандидаты, (1998 ж.), Медицина ғылымдарының докторы, (2001ж.), Профессор, ҚР ЖҒА академигі
20-дан аса ғылыми жаңалық, 80 жарияланым, 3 монографияның авторы және 8 медицина ғылымының кандидаты мен докторларын дайындаған.
Исмаилов Жұмағали Қазыбайұлы
Последние статьи автора