Исабаев Сләм Мұхамеджанұлы

Исабаев Сләм Мұхамеджанұлы 1937 жылы 18 наурызда  Шығыс Қазақстан облысындағы Үлкен Нарын ауданының Мало-Красноярка ауылында  дүниеге келген.
1955 жылы Үлкен Нарын орта мектебін бітірген соң, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетіне түсіп, оны 1960 жылы аяқтап, заңтанушы, заңгер мамандығын алған.
Университетті бітіргеннен кейін екі жыл (1960-1962) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қазақ сот сараптама ғылыми-зерттеу институтында сарапшы-криминалист.
1962 жылдың қараша айынан 1994 жылдың қараша айына дейін Ішкі істер органдары жүйесінде еңбек етіп, қатардағы сарапшы-криминалист, тергеушіден бастап, ҚР ІІМ Тергеу басқармасы бастығының орынбасары лауазымына дейін жоғарылайды. Осы қызметіне, КСРО ІІМ басшылығымен ұсынылған, әрі Қазақ КСР басшылығымен Талдықорған облысы ІІБ бастығының орынбасары қызметіне тағайындалып, сонда 1985 жылға дейін қызмет атқарған.
1985 - 1990 жылдары Алматы облыстық ІІБ бастығы болып қызмет еткен. 1990 жылдың маусым айында бекіту тәртібімен Алматы қаласының ҚІІБ бастығы болып, одан кейін ҚР ІІМ министрінің орынбасары болып тағайындалады. Милиция генерал-майорының атағын Н.И.Рыжковтың қолы қойылған КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен 1988 жылдың қазан айында иеленеді.
1990 жылғы көктемде Қазақ КСР-нің 12-шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. Сонда алғаш рет сайлау баламалы түрде өткізілді. Құқық мәселелері жөніндегі комитетте жұмыс істеген. Қазақстанның алғашқы Конституциясы мен тәуелсіз Қазақстанның алғашқы заңнамалық актілері осы 12-шақырылымдағы Жоғарғы Кеңеспен қабылданған.
ҚР Жоғарғы Кеңесінің 11 медалімен және Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста