Иран Әмірұлы Әміров 1944 жылы 15 қыркүйекте Қызылорда облысында дүниеге келді. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері.
Ақтөбе облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі . Қазақстан Республикасының құрметті судьясы.
Ақтөбе облыстық сотының төрағасы болып қызмет істеген. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің парламентаралық Ассамблеясының мүшесі. Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесімен, Бельгия Корольдігі Парламентімен, Румыния Сенатымен, Сауд Арабиясы Корольдігінің Консультативтік Кеңесімен (Шура Мәжіліс) ынтымақтастық тобының мүшесі.
«Құрмет» орденімен, бес медальмен марапатталған.
Иран Әмірұлы Әміров
Последние статьи автора