Ирак Қасымұлы Елекеев
Ирак Қасымұлы Елекеев 1947 жылы 20 мамырда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Құрманғазы ауданының Ганюшкин ауылында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің құқықтану факультетін бітірген (1977), заңгер-құқықтанушы, қоғам қайраткері, тележүргізуші. БАҚ-та жарияланған көптеген мақаланың авторы. КОКП мүшесі (1971-1991). 1963 жылдан - жұмыс жабдықтау бөлімінің жұмысшысы. 1965 жылдан - Жамбыл облысы Ақсүйек кенті тұрғын-коммуналдық бөлімінің электригі. 1967 жылдан - «Алматы-мәдениеттұрмысқұрылыс» трестінің электригі. 1969 жылдан - Апматы №3 кірпіш зауытында слесарь, жөндеуші, кешенді бригаданың бригадирі. 1971 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті дайындық бөлімінің тыңдаушысы, 1972 жылдан - студенті. 1977 жылдан - Маңғышлақ облыстық сотының сынақ мерзімінен өтушісі, мүшесі. 1980 жылдан -Маңғыстау облыстық әділет бөлімі бастығының орынбасары. 1988 жылдан - Гурьев облыстық әділет басқармасының бастығы. 1995 жылдан - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. 1999 жылдан - Қазақстан Парламенті Мәжiлiсі Аппаратының бастығы. 2002 жылдан - ҚР әділет вице-министрі. 2003 жылдан - ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі. 2004 жылдан - ҚР Жоғарғы сотының жанындағы Сот әкімгерлігі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары. 2008 жылдың қантарынан - ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімгерлігі жөніндегі комитеттің төрағасы. 2004 жылдан - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы сот әкімшілігі комитеті төрағасының орынбасары. 2009-2011 жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.
ҚР Еңбек сіңірген заңгері (1992). Жеке сот орындаушыларының халықаралық одағының нұсқасы бойынша Жыл адамы ретінде мойындалған (Франция, 2008).
«Құрмет» орденімен (2002); «Ерен еңбегі үшін» (2001), «Қазақстан Конституциясына10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; КСРО Әділет министрлігінің «Қызметтегі табыстары үшін» төс белгісімен (1991); «Сот жүйесінің құрметті қызметкері» Құрмет белгісімен (2007) марапатталған.