Индира Бейсембекқызы Мамашева 1977 жылы 4 мамырда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Халықаралық қатынастар маманы, екі шет ел тілдерін меңгерген елтанушы, заңгер. Саяси ғылымдар кандидаты.
Еңбек жолын 1998 жылы «Интерлюкс» Қазақстан-Жапондық мекемесінде менеджер болып бастады. 1998-2002 жылдары ҚР Инвестициялар жөніндегі «Қазинвест» РМК менеджері, «ҚазИнвестКонсалт» ЖШС аға менеджері. 2003-2009 жылдары аралығында ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Ақпарат-талдау бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты қызметтерін атқарды. 2009 жылдың қаңтар айында ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Ақпарат-талдау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталған.
Индира Бейсембекқызы Мамашева
Последние статьи автора