Гүлназ Кенжетайқызы Ахметова 1952 жылы 31 шілдеде Павлодар қаласында туған. Павлодар педагогика институтын (1974) бітірген. 1986 ж. қазіргі ҚазҰУ-да оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, т.б. қызметтерін атқарды. 2003 жылдан ҚазҰУ-да проректор. «Подготовка учительских кадров в педагогических вузах Казахстана (1958–2000 гг.)» деген тақырыпта доктор диссертациясын қорғады. Негізгі ғылыми жұмыстары республикалық білімін жетілдіру проблемаларына арналған. 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы. «Құрмет» орденімен (2004) марапатталған.
Гүлназ Кенжетайқызы Ахметова
Последние статьи автора