Гүлнар Абдоллақызы Ералиева 1958 жылы 11 наурызда Ақмола облысында дүниеге келді. ҚР-нің еңбек сіңірген әртісі. Т.Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтының театр және көркемсурет факультетін бітірген. 1980-1995 жылдары М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының драма актрисасы. 2005 жылдан «Silkway City» ЖШС кинотеатр менеджері. 2006 жылдан «ҚазТрансГаз-Алматы» АҚ жұртшылықпен байланыс жөнінегі маманы.
М.Әуезовтің «Қарагөз», Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш- Баян сұлу», С.Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов», У.Шекспирдің «Асауға тұсау», Ұйғын мен Сұлтановтың «Әлішер Науаи» және басқа спектакльдерде ойнады. Ш.Бейсембаевтың «Бастау», А.Қарсақбаевтың «Алпамыс мектепке барады», Ә.Тәжібаевтың «Нан мен тұз», С.Қожықовтың «Ер Төстік», С.Бодровтың «Шиза» және басқа да фильмдерге түскен.
Гүлнар Абдоллақызы Ералиева
Последние статьи автора