Ғалымжан Жыршыбекұлы Амантұрлин
Ғалымжан Жыршыбекұлы Амантұрлин 1956 жылы 8 қаңтарда Гурьев қаласында дүниеге келген. 1982 жылы Бүкілодақтық «Еңбек Қызыл Ту» орденді политехникалық институтты сырттай инженер-технолог мамандығы бойынша; 1992 жылы Бүкілодақтық «Құрмет белгісі» орденді қаржы-экономикалық институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымының кандидаты.
1971 жылдан - №1 полигондағы 1-разрядты жұмысшы, 1972 жылдан — 2-разрядты слесарь, 1973 жылдан - «Гурьевнефтехимстрой» тресінің жиналмалы құрылыстық құрылымдар мен бөлшектер комбинаты бетон-ерітінді цехының 3-разрядты слесарі. 1974 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1976 жылдан - №3 цехтың ЭЛОУ-АВТ қондырғысының 4-разрядты операторы; 1977 жылдан - 5-разрядты операторы, 1981 жылдан - 6-разрядты аға операторы, 1982 жылдан - қондырғы бастығы, 1985 жылдан - ЛГ қондырғысының 6-разряд бойынша аға операторы; 1986 жылдан - №3 цех бастығының орынбасары, 1991 жылдан - зауыт басқармасының өндірістік-техникалық бөлімі бастығының орынбасары, 1992 жылдан - №1 цех бастығы, Гурьев мұнай өңдеу зауытының бас технологы - техникалық бөлімінің бастығы. 1994 жылдан - бас директордың бірінші орынбасары - бас инженер; 1998 жылдың ақпанынан - мұнай өңдеу департаментінің директоры - бас инженері; 1998 жылдың қыркүйегінен - мұнай өңдеу департаментінің вице-президенті - директоры - бас инженері; 1999 жылдан - «Атырау МӨЗ» АҚ президенті. 2003 жылдың мамырынан - мұнай өңдеу департаментінің директоры, 2003 жылдың тамызынан - мұнай, газ және мұнай химиясы департаментінің директоры; 2006 жылдан - мұнай өңдеу департаментінің директоры; 2008 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры. 2009 жылдың маусымынан бері - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның мұнай өңдеу және мұнай химиясы жобалары жөніндегі бас менеджері. «Emerson Process Management» (2004), «Bureau Veritas» (2005) кеңестерінің ұйымдастырушысы.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен; «Мақат кен орнына 90 жыл» белгісімен марапаттапған.