Ғалым Жұмабайұлы Нұржанов
Ғалым Жұмабайұлы Нұржанов 1980 жылы 11 желтоқсанда Жезқазған қаласында дүниеге келген. С.Н. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған, тау-кен инженері, экономист.
Еңбек жолын 1999 жылы «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-інде үңгуші кенші болып бастады. 2002-2004 жылдары - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде Пайдалы қазбалар департаментінің жетекші маманы, бас маманы қызметін атқарды. 2004-2006 жылдары - «Dzet Group» ЖШС-ның Астана қаласы бойынша филиалы өндірістік саласының сарапшысы. 2006 жылы Астанадағы «Raising Star Ltd» ЖШС-нің атқарушы директоры. 2006-2007 жылдары - «Концерн Найза-Құрылыс» ЖШС тау-кен істері бойынша жобалар жетекшісі - бас инженер. 2007-2008 жылдары - «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ Пайдалы қазбалар департаменті бас инженері, Қарағанды қаласы. 2008-2010 жылдары - «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ Пайдалы қазбалар және жер қатынастары департаментінің директоры. 2010-2011 жылдары - «Үшгер» тау-кен - химия компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. Шымкент қаласы. 2011-2012 жылдары - «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ атқарушы директоры. 2012 жылдың қазан айынан бастап «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары, 2013 жылдың сәуір айынан бастап басқарма төрағасы.