Ғалым Алғиұлы Ахмедяров
Ғалым Алғиұлы Ахмедяров 1973 жылы дүниеге келген. 1995 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірді.
1995-1997 жылдары – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оқытушысы. 1998-2007 жылдар аралығында – ҚР Республикалық гвардиясы Президенттік оркестрінің солисті, ұлттық аспаптар ансамблінің жетекшісі. 2007 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті Өнер басқармасының басшысы. 2008-2012 жылдары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазақ әуендері» АҚ-ның Президенті. 2012-2013 жылдар аралығында – «Қазақстан музыка қайраткерлерінің одағы» Қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі. 2013-2014 жылдары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақстан рухани даму қоры» АҚ-ның Президенті. 2014 жылдың ақпанынан – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ әуендері» АҚ-ның Президенті. 2014 жылдың 3 қарашасынан ҚР Үкімет Қаулысымен Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды.
«Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері (2010), «Дарын» Мемлекеттік жастар жүлдесінің лауреаты (2004), республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты.