Фарида Мерхамитқызы

Фарида Мерхамитқызы 1966 жылы 22 ақпанда Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласында  дүниеге келді. Ерке-Нұр» кәсіпорнының президенті, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, «Үздік кәсіпкер әйел».
Үрімжі қаласындағы педагогикалық университеттін бітірген. Университеттің ғылыми-техникалық баспаның жаратылыстану және география бөлімінде редактор болып қызмет істеген. 1993 жылы отбасымен бірге Атамекені Қазақстанға оралып, кәсіпкерлікпен айналысқан. 1997 жылы «Ерке-Нұр» кәсіпорнын, 2004 жылы «Ерке-Нұр» сән театрын құрып, 2007 жылы республикалық «Ерке-Нұр» сән журналын ашқан. 2007 жылы  Халықаралық қазақ-қытай тіл академиясының колледжін құрды. Ол басқаратын кәсіпорын 150-дей адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Қазақтың ұлттық киімдері, ұлттық киім негізінде қазіргі заманауи киімдер, арнайы киімдер, оның ішінде әскери киім, шекарашылар киімдері, теміржолшылардың киімі, мектеп формасы, салтанатты кештерде киетін сәнді киімдер, сондай-ақ киімнің көптеген жаңа үлгісін құрастырып халыққа ұсынды. Өндірістік кәсіпорын жаңа заманғы ең үздік технологиялық үлгіде жабдықталған. «Ерке-Нұр» кәсіпорыны 2003 жылы Астанада дүниежүзілік сапа күні құрметіне өткен тауар көрмесінде «Қазақстанның ең үздік тауары» дипломымен, Алматы қаласы әкімінің ІІ және ІІІ дәрежелі «Өнімнің жоғары сапасы үшін» дипломымен және Алматы облысы әкімінің мақтау хатымен марапатталған. 2008 жылы II  дәрежелі «Алтын сапа» белгісіне ие болды. 2007 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласы кәсіпкерлерінің арасында «Ең үздік кәсіпкер әйел» атағына және «Жыл таңдауы» байқауының қорытындысы бойынша «Ең үздік сән орталығы» марапатына ие болды. 2008 жылы әлемдегі ең сапалы бұйым шығаратын үздік сауда маркасын анықтайтын Францияның Other Ways менеджмент және консалтинг Халықаралық қауымдастығының «Кемелді, жоғары сапалы және таңғажайып жұмысы үшін» берілетін «Платиновая булавка» халықаралық сыйлығын жеңіп алған. Қазақтың ұлттық киімдері мен ұлттық киімдердің негізінде дүниеге келген бірнеше таңғажайып коллекциялары бар «Ерке-Нұр» театр ұжымы республикалық және Қытай, Түркия, Германия, Щвеция, Ресейде өткен байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» Астана қаласына 10 жыл» мерекелік медальдармен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің Алғыс хатымен марапатталған. Сонымен қоса 3-ші деңгейлі «Атамекен» медалінің иегері.  «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста