Есмұханбет Сайдахметұлы Смайлов 1946 жылы 18 қазанда Семей облысы Ақсуат ауданы Қызыл кесік ауылында дүниеге келген. 1963 жылы орта мектепті күміс медальмен бітіріп, сол жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің механика-математика факультетіне оқуға түсті. 1971 жылы математика және механика институтының аспирантураны тәмамдады.
1972-2004 жылдары Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекетік университетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, математикалық анализ кафедрасының профессоры, математика факультетінің деканы болды. 2004 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің қолданбалы математика институтының директоры.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекетік университетіне еңбегі сіңген қызметкер. 1993 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Жоғарғы Аттестациялық комиссиясының бірінші шешімімен профессор атағын алған. Физика-математика ғылымының докторы. 1999 жылы Америка биографиялық институты «Жыл адамы» деп атап, өмірбаянын «Мыңжылдықтың кәсіби лидерінің биографиялық энцоклопедиясы» кітабына енгізген. Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы».
Есмұханбет Сайдахметұлы Смайлов
Последние статьи автора