Есенгелді Жұмақұлұлы Тұяқов

 Есенгелді Жұмақұлұлы Тұяқов 1948 жылы 11 қарашада Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1972 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің декорация (безендіру) факультетін декоратор-суретші мамандығы бойынша, 1977 жылы М. Горький атындағы Мәскеу көркемөнер академиялық театры жанындағы Немирович-Данченко атындағы Мектеп-студиясының қоюшы суретшілік факультетін сахна суретшісі-технологы мамандығы бойынша бітірген. Қысқа терминологиялық сөздіктің авторы. 1969-1971 жылдары - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1977 жылдан - К. Станиславский атындағы Қарағанды облыстық драма театрының қоюшы суретшісі. 1978 жылдан - Алматы мемлекеттік театр және көркемөнер институтының оқытушысы. 1978 жылдан бері - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бас суретшісі - «Кең сахна» ЖШС-ның директоры. 200-ге жуық көркемдік-қоюшылық жұмыстарының авторы: М. Әуезовтің «Қарагөз», «Абай», «Айман - Шолпан»; Ш.Айтматовтың «Ақ кеме»; Ғ. Мүсреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Махаббат әні»; Н.В. Гогольдің «Ревизор»; Г. Гауптманның «Ымырттағы махаббат»; Б.Мұқайдың «Бойдақтар»; У. Шекспирдің «Гамлет»; Г. Гориннің «Геростратты Ұмыту», Ә. Кекілбаевтің «Абылай хан», К. Балнұрдың «Қалқаман-Мамыр», Ғ. Жұбанованың «Құрманғазы» қойылымдары. Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрының (Астана қаласы), С. Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының т.б. сахналық алаңдарын безендірген. Орталық Азия ойындарының бас суретшісі (1996). Астана қаласының ашылуына арналған шаралардың, салтанатты концерттердің, Астана қаласының және ҚР басқа қалаларының концерттік залдары мен сахналарының қоюшы-суретшісі. Чехословакия, Грекия, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан елдеріндегі халықаралық, одақтық және республикалық сахна безендіру көрмелерінің қатысушысы. ҚР Суретшілер одағының мүшесі. Қазақстан Театр қайраткерлері одағы төралқасының мүшесі. ҚР Суретшілер одағы басқармасының хатшысы. «Құрмет» орденімен (2009), КСРО ХШЖК сахнасуреттеу саласындағы күміс медалімен марапатталған. ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1991). Моңғолия еңбек сіңірген қайраткері.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста