Есберген Алауханов 1958 жылы 19 мамырда Қызылорда облысында дүниеге келген. Ташкент мемлекеттік университетін (1987), Саратов жоғары милиция мектебін (1991), Халықаралық қазақ-түрік университетін (1998) бітірген. Заң ғылымының докторы, жазушы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы Б.Қаратаев атындағы сыйлығының лауреаты.
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қызылжұлдыз ауылында есепші (1976), Сарыағаш ауданы халық сотында сот мәжілісінің хатшысы (1981), Сарыағаш халық сотының төрағасы (1993), Оңтүстік Қазақстан облысы соты қылмыстьқ істер алқасының төрағасы (1996), Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары қаржы полициясының бастығы (2001-04), ІІМ академиясының кандидаты диссертация кеңесінің төрағасы (2006-08), 2008-2011 жылдары ҚазҰУ-дың «Сот билігі және қылмыстық іс жүргізу» кафедрасының меңгерушісі. 2011-2013 жылдары ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің деканы болды. ҚР Жоғары сот ғылымының кеңесінің мүшесі. Алауханов 300-ден астам ғылыми еңбектер мен 25-тен астам монографиялар және оқулықтардың («Уголовный кодекс Казахстана. Каким быть», 1990; «Борьба с коррупцией», 2008; т.б.) авторы. Медальдармен марапатталған.
Есберген Алауханов
Последние статьи автора