Ержан Қабділмәжитұлы Нұрғалиев 1975 жылы 11 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін тәмамдаған заңгер-құқықтанушы. 1998 жылдан - ҚР Конституциялық кеңесі аппаратының актілер мен халықаралық шарттарды ғылыми сараптау бөлімінің кеңес берушісі, 1999 жылдан - ақпараттық-талдау бөлімінің кеңес берушісі. 2003 жылдан - ҚР Конституциялық кеңес төрағасының кемекшісі. 2005 жылдың сәуірінен - ҚР Конституциялық кеңес аппаратының Құқықтық сараптау бөлімі ақпараттық-талдау қамтамасыз ету секторының меңгерушісі. 2005 жылдың қазанынан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің заң бөлімі секторының меңгерушісі. 2008 жылдан - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Заң департаменті директорының орынбасары. 2009 жылдан - ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау есеп комитетінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2010 жылдың мамырынан - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Заң департаменті директорының орынбасары, 2010 жылдың маусымынан - департамент директоры 2010 жылдың қарашасынан - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік департаменті директорының орынбасары. Қазіргі таңда «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК заң департаментінің директоры.
Ержан Қабділмәжитұлы Нұрғалиев
Последние статьи автора