Ержан Ермекғалиұлы Серікбаев
Ержан Ермекғалиұлы Серікбаев 1958 жылы 26 сәуірде Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданының Калмыково кентінде дүниеге келген. 1980 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1980 жылы Орал облысы «Госкомсельхозтехника» өндірістік бірлестігінің жөндеу басқармасында бас инженер болып бастады. 1983-1989 жылдар аралығында Қазақстан ЛКЖО Ленин аудандық комитетінің екінші хатшысы – насихаттау, үгіттеу және мәдени-көпшілік жұмысы бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан ЛКЖО Орал қалалық комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды. 1989-1991 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орал қалалық комитеті идеологиялық бөлімінде нұсқаушы, консультант, саяси ұйымдастырушы. 1991-1992 жылдары – Орал қаласының «Полиграфия» өндірістік бірлестігінде бас директор орынбасары. 1992-1996 жылдар аралығында – Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты жалпы, кейіннен қаржы-шаруашылық бөлімдерінің меңгерушісі. 1996-2007 жылдар арлығында – Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы. 2007-2008 жылдары – Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі. 2008-2012 жылдары – Маңғыстау облысы әкмі аппараты басшысының орынбасары. 2012 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалған. «Құрмет» орденімен және бірқатар мерекелік медальдармен наградталған.