Ержан Бекбауұлы Исақұлов 1953 жылы 15 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Кеңесарық ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Қазақ политехникалық институтын тәмамдаған. Генерал-майор.
Еңбек жолын Бестөбе «Каззолото» комбинатының байыту фабрикасында мастер болып бастаған. 1979 – 1984 жылдары облыстық ҰҚК басқармасының №2 бөлімшесінің өкілі, аға өкілі, бөлімше бастығы болды. 1989 – 2000 жылдары Атырау облыстық, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстық ҰҚК басқармаларында басшылық қызметтер атқарды. 2001 жылдан ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары. 2007-2011 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған. II дәрежелі «Даңқ» орденімен (2005), 16 медальмен марапатталған. ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері (2000).
Ержан Бекбауұлы Исақұлов
Последние статьи автора