Ертай Ашықбаев

Ертай Ашықбаев 1956 жылы 24 сәуірде Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Бабатай ауылында дүниеге келген. 1972–1974 жылдары Темір аудандық «Жұмысшы» – «Рабочее знамя», Торғай облыстық «Торғай таңы» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. 1983 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Осы жылдан бері Ақтөбе облыстық «Ақтөбе» газетінде қызмет істеп келеді.
Топтама өлеңдері «Темірқанат» («Жалын», 1981), «Ақ сәуле» (1984), «Бастау» (1990) ұжымдық жинақтарына енді. Жеке жинақтары: «Қос мең» (1988), «Жақсы баға» (1991), «Ұя» (2003), «Ашық сабақ» (2003), «Ғашықтар мектебі» (2004), «Қаңтардағы құс» (2007), «Қобыландының қонысы» (2008).
«Қос мең» жыр жинағы үшін 1989 жылы Қазақстан Жазушылар одағының Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы сыйлығының лауреаты болды. «Жалын» баспасы ұйымдастырған балалар мен жасөспірімдердің үздік шығармаларына арналған республикалық жабық бәйгеде төрт рет (1982, 1986, 1991, 1994) жүлдегер атанды. Қазақстан Журналистер одағының Төлеубай Ыдырысов атындағы сыйлығының лауреаты (1996), Ақтөбе облысы әкімі сыйлығының лауреаты (2004). Республикалық мүшәйралардың бірнеше дүркін жүлдегері. «Қазақстан Конституциясына – 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста