Ермек Бектасұлы Шынарбаев
Ермек Бектасұлы Шынарбаев 1953 жылы 24 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Бүкілодақтық кинематография институтының 1974 жылы актерлік, 1982 жылы режиссерлік бөлімдерін бітірген. Кинорежиссер, Қазақстанның еңбегі сіңген кайраткері.
1974-1977 жылдары "Қазақфильм" кино-студиясында актер болды. 1981 жылы алғашқы қысқаметражды "Қаралы сұлу" көркем фильмін түсіріп, ол "Бастау" республикалық бәйгесінде Бірінші жүлдені иеленеді. 1990 жылдары Шынарбаев "Қазақфильм" киностудиясының "Әлем" шығармалық-бірлестігінің көркемдік жетекшісі болды. «Әпкем менің Люся» (1985), «Орманнан алаңға шығу» (1987), «Кек» (1989), «Сұр үш сайлы баскиімдегі орын» (1992), «Нәзік жүрек» (1993), «Періштеге жазылған хаттар» (2009) және көптеген тағы басқа көркем фильмдердің; 20-ға жуық деректі фильмнің, оның ішінде «Рояль жанындағы монологтар», «Дуэт», «Прованс күнделігінен» фильмдерінің режиссері. Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі (1986 жылдан). «Жігер» шығармашылық жастар байқауының лауреаты (1983). «Орманнан алаңға шығу» кинофильмі үшін Халықаралық кино байқауындағы (Амьен қаласы,Франция, 1987) сыйлықтың, А. Ланглуа атындағы Халықаралық кино байқауындағы (Тур қаласы, Франция, 1992) Халықаралық мәдениет, өнер мен киноның дамуына көмек көрсету ұйымы СИДАЛК сыйлығының, Халықаралық кино байқауындағы «Алтын қабылан» сыйлығының (Локарно қаласы, Швейцария, 1993) және тағы басқа жүлделердің иегері.