Ермек Беделбайұлы Көшербаев

Ермек Беделбайұлы Көшербаев 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. «Тарихшы, тарих пәнін шеттілінде беретін оқытушы» мамандығы бойынша Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, «Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат, дипломат» мамандығы бойынша ССРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.
08.1988 – 09.1988 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құпия істерді жүргізу бойынша бас инспектор. 09.1988 – 10.1989 жылдар аралығында - ҚСРО Сыртқы істер министрінің көмекшісі. 11.1989 – 06.1990 жылдар аралығында - ҚСРО Сыртқы істер министрлігінің баспа және ақпарат бөлімінің бірінші хатшысы. 06.1990-09.1991 жылдар аралығында – ҚСРО Сыртқы істер министрлігі консулдық бөлімінің бірінші хатшысы. 09.1991-04.1993 жылдар аралығында – ССРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының қайта дайындау факультетінің тыңдаушысы. 05.1993-08.1993 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия елдері басқармасының бірінші хатшысы. 08.1993-12.1993 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік хаттамаларды басқару бөлімінің бірінші хатшысы. 12.1993-06.1994 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік хаттамаларды басқару бөлімінің меңгерушісі. 06.1994-01.1996 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің халықаралық бөлімінің кеңесшісі. 01.1996-04.1996 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің хаттама қызметі басшысының міндетін атқарды. 04.1996-08.1997 жылдары Қазақстан Республикасындағы Швейцария Конфедерациясы Елшілігінің бірінші хатшысы. 08.1997-10.1997 жылдары Көп жақты ынтымақтастық департаменті Азиялық Қауіпсіздік бөлімінің бастығы. 10.1997 – 11.1999 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі. 11.1999 – 01.2000 жылдар аралығында уақытша жұмыс істеген жоқ. 2000-2001 жылдары «Назарбаев оқулары» қоғамдық қоры директорының орынбасары. 2001-2002 жылдары «Мұнай және Газ транспорты» аппаратының басшысы. 2002-2003 жылдары «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы аппаратының басшысы, «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның бірінші Вице-президентінің кеңесшісі. 2003-2004 жылдары «Рауан Медиа Групп» АҚ директор, республикалық «Отан» партиясы орталық аппараты басшысының бірінші орынбасары. 2004-2005 жылдары «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы аппаратының басшысы. 2005-2006 жылдары «Атамекен» Қазақстанның кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпы ұлттық одағын атқарушы директорының бірінші орынбасары. 2006 жылы республикалық «Отан» партиясының орталық аппаратын басқарды. 2007 жылдың желтоқсанынан – Қазақстан ассоциациясы мұнай-газ және энергетика қоғамы «KazEnergy» кешенінің атқарушы директоры. 208-2009 жылдары «Рауан Медиа Групп» АҚ бас продюсері-бас директоры. 2009 жылдан – Семей қаласындағы «Ертіс» Ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы. 2010 жылдың шілде айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста