Ермек Әмірханұлы Аманшаев

Ермек Әмірханұлы Аманшаев 1963 жылы  12 наурызда Маңғыстау облысында дүниеге келген. Маңғыстау облысындағы Ералиев кентіндегі  №1 орта мектепті бітірді. 1985 ж. Қазақ Мемлекеттік университетін бітірді; филолог, филология ғылымдарының кандидаты (диссертация тақырыбы: «Әдеби бейне жасаудағы рухани және көркемдік қайнар көздері», 2005 ж.)
1979 жылы – Маңғыстау облысындағы Ералиев поселкісіндегі орта мектеп оқытушысы.
1985–86 жылдары – Қазақстанның Орталық Мемлекеттік музейінің ғылыми қызметкері;
1986–88 жылдары – Қазақ Энциклопедиясының ғылыми редакторы;
1988–91 жылдары –  «Жалын» журналының жауапты хатшысы;
1991–95 жылдары – ҚазМУ аға оқытушысы;
1995–97 жылдары – Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының жауапты қызметкері;
1997–2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі канцеляриясы консультанты, сектор меңгерушісі, бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2000–2002 жылдары – Астана қаласындағы мәдениет департаменті бастығы;
2002–2003 жылдары – Мәдениет Комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат пен қоғамдық келісім вице-министрі;
2003–2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі;
2004–2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат пен спорт вице-министрі;
2006 жылдын мамыр-қыркүйек айларында – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары;
2006–2008 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары;
2008 жылдын сәуір-мамыр – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамы аппаратының жетекшісі;
2008 жылғы 30 мамырдан бастап – Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамының президенті.
Қазақстан Жазушылар, Қазақстан Театр қайраткерлері, Қазақстан Кинематографистер Одақтарының мүшесі.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының  лауреаты.
10 астам ғылыми еңбек пен кітап авторы: «Албасты туралы аңыз», «Песнь мотылька», «Үзілген бесік жыры» (жас драматургтар халықаралық фестивалі лауреаты, Мәскеу, 1991 ж.), «Там за бугром, где рай земной», «Балкон», «Құбылыс» (Ф.Кафка), «Сұлтан болсам егерде» ( С. Ваннус), «Аладдин және сиқыршы».
Пьесалары М. Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында, М.Лермонтов атындағы академиялық Орыс драма театрында, Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер  театрында қойылды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста