Ерлан Бәтташұлы Сыдықов 1956 жылдың 29 ақпанында Семей қаласында дүниеге келді. Орта білімді Абай ауданындағы Қарауыл ауылында Абай атындағы мектептен алған (1973 жылы тәмамдаған).
Білімі
1973-1978 – С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Тарих факультетін «Тарих» мамандығы бойынша «Тарихшы, тарих және қоғамтану оқытушысы» біліктілігімен тәмамдаған.
Еңбек жолын Семей қаласында 1978 жылы Семей ет және сүт өндірісі технологиялық институтында Қоғамдық ғылымдар кафедрасында тағылымдамадан өтуші-зерттеуші қызметінен бастаған.
1981 жылдың қыркүйегінен ҚазМУ-дің аспирантурасында білім алған.
1984 жылдың ақпанында диссертация қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алды.
Академиялық дәрежелері
2003 жылы Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының академигі.
2005 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру академиясының академигі, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі болып тағайындалған.
Еңбек жолы
1984 жылдың қыркүйегінен 1996 жылдың қаңтарына дейін Семей ет және сүт өндірісі технологиялық институтында ассистент, аға оқытушы, доцент, факультет деканының орынбасары, кафедра меңгерушісі, профессор, проректор қызметтерін атқарған.
1996 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының мемлекеттік қызмет және кадрмен жұмыс бөлімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалған.
1997 жылдың маусымында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры қызметіне тағайындалды.
1999 жылдың 15 қазанында «Қазақстан Ресей Федерациясының құрамында (1917-1937жж.)» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады.
ҚР ЖАК шешімімен 2001 жылдың 25 қазанында профессор ғылыми атағы берілді.
2004 жылдың сәуірінде қайта құрылған Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры болып тағайындалған.
2008 жылдың шілдесінен 2011 жылдың 26 шілдесіне дейін Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры қызметін атқарған.
2011 жылдың 26 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды.
Ғылыми еңбектері: 100-ден астам ғылыми-әдістемелік мақала, 3 оқу құралы, 4 монография.
Қоғамдық қызметі: Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 3 шақырылымының депутаты, Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесінің мүшесі, 2011 жылдан Ұлттық тарихшылар конгресінің төрағасы, 2012 жылдың 15 қаңтарындағы бесінші шақырылым Астана қаласы қалалық мәслихатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі, 2012 жылы 13 наурыздан «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, 2012 жылдан ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі.
Марапаттары:
2001 жылы – «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен;
2001 жылы – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен;
2004 жылы – Ы. Алтынсарин атындағы медальмен,
2004 жылы – А. Байтұрсынов атындағы күміс медальмен;
2005 жылы – «Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер» атағымен;
2005 жылы – «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалімен;
2007 жылы – «Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен;
2007 жылы – «Қазақстан Республикасы спортының құрметті қайраткері» атағымен;
2008 жылы – Халықаралық биографиялық орталық комиссиясының шешімімен (Кембридж, Англия), ғылым және білім саласын дамытуға қосқан зор еңбегі үшін «Әлемнің көрнекті ғалымы» атағы берілді. Халықаралық биографиялық орталықтағы мүшелігін растайтын медальмен және сертификатпен марапатталған.
2009 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы.
2010 жылы – «Парасат» орденімен;
2011 жылдан бері Абай ауданы Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы.
2011 жылы – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен.
Ерлан Бәтташұлы Сыдықов
Последние статьи автора