Еркін Тілекұлы Мергенов 1940 жылы 6 наурызда Алматы қаласында дүниеге келді. Мүсінші, ҚазКСР-інің халық суретшісі (1992 ж.). 1973 жылы Мәскеудің Көркемсурет институтын бітірген. 1987-1992 жылдары және 1998 жылдан Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы. 1980 жылдан Алматы Театр көркемсурет институтында (қазіргі Қазақ мемлекеттік өнер академиясы) сурет кафедрасының меңгерушісі. Мергенов Еркін Тілекұлы негізінен портрет жанрында еңбек етеді. Оның мүсіндері замандастар бейнесінің шынайылығымен, өмір мен уақыт тынысын сезіндіретін шымырлығымен ерекшеленеді.
"Махамбет” (1973, қола), “Олжас Сүлейменов портреті” (1982, қола), “Қазақ КСР-інің халық артисі Е.Өмірзақов” (1982, гипс), “Жаңғырық” (1983), “ХХ ғасыр” (1988), т.б. портреттер топтамасы бар.
Еркін Тілекұлы Мергенов
Последние статьи автора