Еркін Нұрмаханбетұлы Мейірбеков
Еркін Нұрмаханбетұлы Мейірбеков 1976 жылы 24 мамырда дүниеге келген. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы», Қазақстан-Ресей университетін Құқықтану мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2001 жылы "МТС Агротехсервис" өндірістік кооперативінің менеджері болып бастаған. 2003-2008 жылдар аралығында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Қатынас жолдары комитетінің Темір жол көлігін дамыту басқармасының мекемелердің қызметін мемлекеттік реттеу бөлімінің және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы, инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бастығы болып қызмет етті. 2009-2012 жылдар аралығында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің инфрақұрылымдық жобалар басқармасының бастығы, Инфрақұрылымды дамыту басқармасының бастығы лауазымын атқарды. 2012 жылғы сәуірде ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.