Ерғали Бөлегенұлы Бөлегенов
Ерғали Бөлегенұлы Бөлегенов 1954 жылы 26 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында дүниеге келген. Москвадағы П.Лумумба атындағы Ресей халықтары достығы университетін, Қазақстан химия-технология институтын, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
1986-1991 жылдары партияның басшылық қызметтерінде болған. 1992-1995 жылдары - Шымкент (Оңтүстік Қазақстан) облысы Абай ауданы әкімшілігінің орынбасары, бірінші орынбасары. 1995-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ТМД істері бойынша департаменті кеңесшісі, бөлім бастығы, басқармасының бастығы. 2001-2005 жылдары - Украинадағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі. 2005-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ТМД істері бойынша департаменті директоры. 2008-2012 жылдары ҚР-ның Испания Корльдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының Беларус Респрубликасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдары жанындағы ҚР-ның тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы.