Ербол Жасұланұлы Бекмұхамбетов
Ербол Жасұланұлы Бекмұхамбетов 1974 жылы 4 маусымда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын тәмамдаған. 2001 жылы кандидаттық диссертация, 2007 жылы докторлық диссертация қорғады. Ал, 2009 жылы профессор ғылыми дәрежесіне ие болды. 2001 – 2007 жылдар аралығында аға ғылыми қызметкер дәрежесінен Онкология және радиология бойынша Қазақ ғылыми зерттеу институты филиалының директоры дәрежесіне дейінгі жолдардан өтті. 2008 жылдан бастап Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ректоры болып қызмет атқарады.
Жоғары санатты дәрігер. 100-ден астам мақаланың, 10 монография және оқу құралының, 5 авторлық куәліктің иегері.
Ақтөбе облыстық мәслихатының V шақырылым депутаты.
«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» төс белгісімен, «Ломоносов атындағы Орден», «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігі» белгісімен, «Қазақстан Республикасы Қызыл Ай қоғамының құрмет белгісімен» марапатталған.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу