Елубай Жақайұлы Әбілов
Елубай Жақайұлы Әбілов 1962 жылдың 19 тамызында Түркменстанда дүниеге келген. 1980-1985 жылдар аралығында М.И.Калинин атындағы Түркмен ауылшаруашылығы институтында көк өнім және жүзім шаруашылығы мамандығы бойынша бітірді.
1986-1989 жылдар аралығы Красноводск қаласында облыстық ауылшарушылық қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінде нұсқаушы. 1989-2002 жылдар аралығы Красноводск аудандық атқару комитетінде аға экономист, табиғатты қорғау және экология инспекциясында бастық, денсаулық, білім және әлеуметтік мәселелері бойынша бөлім бастығы, іс басқармасының бастығы. 2002-2003 жылдар аралығында Маңғыстау поселкесі әкімінің орынбасары. 2003-2007 жылдар аралығы Маңғыстау поселкесінің әкімі. 2007-2010 жылдар аралығы Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары. 2010 жылдың сәуір айынан бастап күні бүгінге дейін Мұнайлы ауданының әкімі. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы.