Едіге Бақтығалиұлы Жолдасов 1953 жылы 6 қарашада Атырау қаласында дүниеге келген. И.Губкин атындағы Мәскеу мұнай химиясы және газ өнеркәсібі институтын бітірген. 1991-1992 жылдары - Атырау облыстық атқару комитетінің бөлім бастығы. 1992-1993 жылдары - Атырау облыстық әкімдігі шет ел инвестициялары жөніндегі департамент директорының орынбасары. 1994-1998 жылдары - «Қазақстанкаспийшельф» ашық акционерлік қоғамының бөлім, басқарма бастығы. 1999-2001 жылдары - «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясы» жабық акционерлік қоғамының Теңіз жобалары департаменті Солтүстік Каспий жобаларының жетекшісі. 2002-2004 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» жабық акционерлік қоғамы Теңіз жобаларын басқару департаменті директорының орынбасары, директоры, «ҚазМұнайТеңіз» жабық акционерлік қоғамының департаменті директоры. 2004-2006 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жаңа теңіз жобаларын дамыту департаментінің директоры. 2006-2008 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ перспективалық жобаларды дамыту департаментінің директоры. 2008-2010 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өндіру активтері департаменті директорының орынбасары, бас менеджері. 2010 жылғы желтоқсаннан бастап «Құрманғазы Петролеум»ЖШС бас директоры.
Едіге Бақтығалиұлы Жолдасов
Последние статьи автора