Досмұхамед Нұрахметұлы Нұрахмет
Досмұхамед Нұрахметұлы Нұрахмет 1956 жылы 4 сәуірде Алматы облысы Сарқанд қаласында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. Түркі академиясының вице-президенті. Философия ғылымының докторы, академик.
1979-1980 жылдары - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің стажер-зерттеушісі. 1980-1986 жылдары - М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспиранты, стажер-зерттеушісі. 1986-1989 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік жоспар жанындағы ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері. 1989-1990 жылдары - «Отырар» жастар тұрғын кешенінің ғылыми жетекшісі. 1990-1994 жылдары - әл-Фараби атындағы Жас таланттарды қолдайтын республикалық қордың президенті, бас директоры. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің ғылым, білім және жаңа технологиялар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары. 1995-1997 жылдары - әл-Фараби атындағы Жас таланттарды қолдайтын республикалық қордың президенті, бас директоры. 1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалау жөніндегі агенттіктің Парламентпен байланыс жөніндегі хатшысы. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің бірінші орынбасарының кеңесшісі. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ұйымдастыру және кадр жұмысы департаментінің директоры, «Қазақстандық эксперттік қызмет» ЖШС-ның президенті. 2000-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі қызметін атқарған. 2002 жылдың сәуірінен бастап «Қазақстандық эксперттік қызмет» ЖШС-ның президенті, Қазақстан жалпыұлттық патриоттық қозғалысының тең төрағасы, «Қазақстан» ұлттық-патриоттық қозғалысының төрағасы болды.