Дәурен Сапаралыұлы Қарабаев
Дәурен Сапаралыұлы Қарабаев 1978 жылы 11 маусымда дүниеге келген. 1999 жылы «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын бітірді. 2001 жылы Техас университетінде (АҚШ) қаржы саласындағы білім Магистрі дәрежесін алды.
Банк саласында 2001 жылдан. «Қазақстан АБН АМРО Банкі» ЕАБ ЖАҚ-ында несиелік талдау және құрылымдау бөлімінің несиелік талдампазы (2001-2004 жж.), несиелік басқарма Бастығы (2004 жылдың қаңтар-қарашасы) болып жұмыс істеді. «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ында инвестициялық қызмет бойынша басқарушы директор (2004 жылдың қарашасынан – 2005 жылдың ақпанына дейін), инвестициялық банкинг Департаментінің директоры – атқарушы директор (2005 жылдың ақпанынан – 2006 жылдың сәуіріне дейін), халықаралық қатынастар Департаментінің директоры – атқарушы директор (2006 жылдың сәуірі – 2007 жылдың ақпаны) қызметін атқарды. 2007 жылдың 1 наурызынан «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқаруда.