Дәурен Сәбитұлы Сатқанов 1982 жылы 16 наурызда дүниеге келген. 1999-2003 жылдары - М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік Университетін тәмамадаған. Мамандығы: «Қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын пәнінің мұғалімі».
2000-2001 жылдары – «Қазақстан Орал» ТРК (диктор);
2001-2003 жылдары – «ТДК-42» телеарнасы (журналист-диктор);
2002-2003 жылдары – «Талап» радиосы (DJ);
2003-2005 жылдары – «Ағартушы» МКМ (бас маман; бөлім бастығы);
2005-2007 жылдары. – «ТБМ-Астана» ЖШС бөлімшесі (бөлімше директоры);
2006 жылдан бастап – «NIDS» ЖШС (бас директор);
2009 жылдан бастап – «БҚО Жаңа толқыны» ЖҚБ (төраға);
2010 жылдан бастап – «Бизнес Қауымдастық» ЖШС (директор).
Қазақстан Республикасы Президенті – Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хатымен (Астана, сәуір 2011 жыл), Батыс Қазақстан облысы әкімі Б.Ізмұхамедовтың алғыс хатымен (Орал, 2010), «NIDS» компаниясына Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бастығы – С. Дүйсентегінің алғыс хатымен (Орал, 2008) марапатталды. «Жыл үздігі-2008» жастар сыйлығын; «БҚО Жаңа толқыны» ЖҚБ-нің «Жыл үздігі-2009» жастар сыйлығының «Жыл жаңалығы» аталымын иеленді. «Жыл үздігі-2010» жастар сыйлығы – «Үздік жас кәсіпкер» аталымының дипломанты (желтоқсан, 2010 жыл) атанды.
Дәурен Сәбитұлы Сатқанов
Последние статьи автора