Дәукеев Ғұмарбек Жүсіпбекұлы 1948 жылы 31 шілдеде Семей қаласында туған. Қазақ политехникалық институтын және аспирантурасын бітірген. Алматы энергетика институтының аға оқытушысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарған. 1989-1994 жылдары - Алматы энергетика институты партия комитетінің хатшысы, проректоры. 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ғылым және техника жөніндегі жоғарғы кеңестің аппарат жетекшісі - жауапты хатшысы. 1996-1997 жылдары - Қазақ ұлттық техникалық университеті энергетика және теле-коммуникациялар оқу-ғылыми кешенінің директоры. 1997 жылдан бастап - Алматы энергетика және байланыс институтының ректоры. 50-ден астам ғылыми еңбектің және 5 авторлық куәлік пен патенттің авторы. Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры.
Дәукеев Ғұмарбек Жүсіпбекұлы
Последние статьи автора