Дәуітәлі Омашұлы
Дәуітәлі Омашұлы 1958 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Журналист, заңгер.
1981-1989 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі Мемлекеттік комитетінің «Қазақстан» баспасында кадрлар жөніндегі аға инспектор, корректор, редактор, аға редактор қызметтерін атқарды. 1989-1990 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Қазақ телеграф агенттігінің аудармашысы. 1990-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Аппаратының Актілерді жариялау бөлімінің аға консультанты, Редакциялық-баспа бөлімінің аға референті, консультанты болды. 1995-2000 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Редакциялық-баспа бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 2000 жылдың ақпан айынан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Редакциялау және аударма бөлімінің меңгерушісі.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, бес мерекелік медальмен және Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы Парламентаралық Ассамблеясының Құрмет грамотасымен марапатталған. «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері», «Мәдениет қайраткері» құрметті атақтары бар. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.