Болатбек Ақылбайұлы Бұлғақбаев 1953 жылы 16 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданы Дегерес ауылында дүниеге келген. 1974 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 1994 жылы РФ ІІМ Академиясын бітірген, заңгер-құқықтанушы. Қаржы полициясының генерал-майоры.
1974-1975 жылдары – Қаскелең АІІБ тергеушісі. 1975-1977 жылдары – Қарағанды облатқарукомы ІІБ аса маңызды істер жөніндегі инспекторы, аға инспекторы. 1977-1980 жылдары – КСРО ІІМ Киев жоғары мектебінің адъюнкті. 1980-1983 жылдары – КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінде оқытушы, аға оқытушы. 1983-1989 жылдары – Жамбыл АІІБ инспекторы, аға инспектор, КМҰКБ бастығы Басқарма бастығының орынбасары, Алматы облысының ІІБ штаб бастығының орынбасары. 1990-1992 жылдары – Қазақстанның ІІМ бөлім бастығының орынбасары, штаб бастығының орынбасары. 1992-1994 жылдары – Президент Аппараты мен Министрлер Кабинеті заңнама бөлімі бастығының орынбасары. 1994-1996 жылдары – ҚР ҚМ Бас салықинспекциясы бастығының орынбасары – Салық полициясы бас басқармасының бастығы. 1996-2000 жылдары – Қазақстанның Көлік инспекциясы бастығының орынбасары, басқарма бастығы, «Қалжат» кеден терминалының бастығы. 2000-2001 жылдары – ҚР Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2001 жылы – ҚР ӘМ Тіркеу қызметі комитетінің төрағасы. 2001 жылдың қарашасынан – ҚР Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы. 2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ҚПД бастығы. 2006 жылдан бастап – ҚР ҰҚК бастығының орынбасары, бастығы. 2008 жылдан бастап – Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi Орталық Азия өңiрлiк ақпараттық үйлестiру орталығының толық құқылы өкілі.
БҰҰ Есірткі және қылмыстылық басқармасының (ЮНОДК) ауқымды жобаларының бірі – Қазақстандағы Ортаазиялық жергілікті ақпараттық үйлестіру орталығының (ЦАРИКЦ) төрағасы, Алматы (2009). Милиция қызметкерлеріне арналған қазақша-орысша сөйлесу сөздігін бірінші болып құрастырды.