Болатбек Әбдірасылов Серікбайұлы 1958 жылы 15 шілдеде дүниеге келген. Білімі жоғары. Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын және Мәскеу экономика және статистика университетінің Қашықтықтан білім беру институтын (МЭСИ) үздік бітірген.
Тірі жүйелердегі ақпараттар беру процесінің молекулярлық механизмдерін зерттеу саласындағы белгілі ғалым, әр түрлі клеткалардың биологиялық мембраналарының жұмыс істеу механизмдерін зерттеудегі молекулярлық аспаптар ретінде антибиотиктерді қолданудың негізін салушылардың бірі. Биология ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, физика оқытушысы, экономист.
1980-1986 жылдары Мәскеу облысы, Пущино қаласы, КСРО ҒА биофизика институтының аспиран-ты.
1986-1994 жылдары Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының оқытушысы, доцент, декан, проректоры.
1994-1996 жылдары Ресей ғылым академиясының клеткалар биофизикасы институтының аға ғылы-ми қызметкері (Мәскеу облысы, Пущино қаласы).
1996-2000 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бірінші проректоры, ректо-ры.
2000-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақпараттау және тестілеу орталығының директоры.
2001-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры, Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің төрағасы.
2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекто-ры. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010
жылғы 23 қыркүйектегі Өкімімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауап-ты хатшысы болып тағайындалды.
2012 жылы 25 ақпанда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметіне тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі (2005 ж.), Халықаралық ақпараттандыру академиясының (1998 ж.), Халықаралық жоғары мектеп академиясының (2002 ж.), Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының (2005 ж.) академигі.Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін дамытуға маңызды үлес қосты. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын негізгі әзірлеушілердің бірі болып табылады.
«Құрмет» Орденімен марапатталған (2005 ж.). Биофизика салындағы үлкен ғылыми жетістіктері үшін Нобель сыйлығының лауреаты П.Л. Капица атындағы Ресей Жаратылыстану ғылымдары ака-демиясының естелік медалімен марапатталған.
Ресей, Австралия, Голландия, Оңтүстік Корея, АҚШ- тың танымал журналдарында 60-тан астам ғы-лыми жұмыстары жарияланған. «Биофизические основы действия тритерпеновых гликозидов дам-маранового ряда на биомембраны и клетки» кітабының авторы (1996 ж.)
Болатбек Әбдірасылов Серікбайұлы
Последние статьи автора