Болат Сұлтанұлы Өжікенов
Болат Сұлтанұлы Өжікенов 1955 жылы 26 қазанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (қазіргі К.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Геология-минералогия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Минералдық ресурстар Академиясының академигі.
Еңбек жолын Каспий маңындағы мұнайбарлау экспедициясы бұрғылаушысының көмекшісі болып бастады. 1979-1990 жылдары - Оңтүстік Қазақстан аумақтық геология басқармасының іздестіру-түсіру экпедициясында отряд бастығы, геолог. 1990-1992 жылдары - Қазақстан геологиялық басқармасы Қазақстан барлау-өндіру экспедициясының партия бастығы, экспедиция бастығы, «Қазминерал» өндірістік-геологиялық кәсіпорнының директоры. 1992-1993 жылдары - Қазақ Республикалық «Қазгеобақылау» жер койнауын қорғау және геологиялық тексеру басқармасының бастығы. 1993-1995 жылдары - «Южказгеология» Оңтүстік Қазақстан аумақтық жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі басқармасының бас инженері, бастығы. 1995-1997 жылдары - Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігіне қарасты «Казгоснедра» минералдық ресурстар бас басқармасының бастығы. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі вице-министрі қызметтерін атқарған. 2001-2004 жылдары ҚР эенергетиа және минералдық рес урстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы. 2011 жылғы маусымнан бастап «Қазгеология» ұлттық геологиялық-барлау компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасы. Көптеген монографиялардың, мақалалардың, басылымдардың авторы.
«Астана» медалімен, «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған, Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлықтың лауреаты.