Болат Сүлейменұлы Жанәділов
Болат Сүлейменұлы Жанәділов 1940 жылы 14 маусымда Ақмола облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы) тәмамдаған. Көкшетау облыстық ауруханасының дәрігер-анестезиологы, анестезиология-реаниматология бөлімінің меңгерушісі, бас дәрігерінің емдік жұмыстар жөніндегі орынбасары, бас дәрігері, Көкшетау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 1997 жылдан - Ақмола облыстық ауруханасы бас дәрігерінің емханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары. Ақмола облыстық ауруханасының аурулық Кеңесі мен эксперттік комиссиясының мүшесі. «Құрмет», «Халықтар достығы» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғары дәрежелі дәрігер-анестезиолог. Көкшетау қаласының құрметті азаматы.