Болат Советұлы Смағұлов 1964 жылы 18 маусымда Қарағанды облысында дүниеге келген. Қарағанды кооперативтік институтын, «Тұран» университетін бітірген. 1992-1998 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. 1998-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Кәсіпорындарды қайта құру және тарату агенттігі Астана қаласы бойынша филиалының директоры. 2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің комитет төрағасының орынбасары. 2003-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы, Индустрия және сауда вице-министрі. 2006-2008 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2008-2010 жылдары - «Қазақстандық мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы басқарасының төрағасы болды. 2010 жылдың тамыз айынан «Kazakhstan Engineering» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.
Болат Советұлы Смағұлов
Последние статьи автора