Болат Қонақбайұлы Назаров

Болат Қонақбайұлы Назаров 1955 жылы 25 ақпанда Ақтөбе облысының Ырғыз кентінде туған.  Қазақ политехникалық институтының мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау факультетін, тау-кен инженері мамандығы бойынша, Ақтөбе педагогикалық институтын физик-математик мамандығы бойынша аяқтады.
1979 жылдан 1995 жылға дейінгі кезеңде «КазИНТЕКС» фирмасының директоры болды. 1995 жылдан бастап 1997 жылға дейін «Қарашығанақгазпром» АҚ-ның өтім жөніндегі вице-президенті. 1997 жылдан 1998 жылға дейінгі кезеңде «Қазақойл-коммерция» ЖШС өтім департаментінің директоры. 1998 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Қазақойл» ҰМК-ның Қарашығанақ жобасы департаментінің директоры. 2001 жылдан бастап 2002 жылға дейін «ҚазТрансГаз» ЖАҚ-ның Қарашығанақ жобасы жөніндегі вице-президенті. 2002 жылдан бастап 2003 жылға дейін «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ Бас директордың бірінші орынбасары. 2003 жылдан бастап 2005 жылға дейінгі кезеңде «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ ӨБК жобаларын басқару жөніндегі атқарушы директор болды. 2005 жылдан бастап 2008 жылға дейін «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ ӨБК жобаларын басқару жөніндегі басқарушы директор. 2008 жылдың сәуірінен бастап 2008 жылдың желтоқсанына дейін «КазРосГаз» ЖШС Бас директорының орынбасары. 2009 жылдың басынан «ҚазТрансГаз» АҚ-ның Бас директоры (Басқарма төрағасы). 2010 жылы «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ-ның газ жобалары жөніндегі басқарушы директоры (Басқарма мүшесі). 2011 жылдың тамызында «КазРосГаз» ЖШС-не Бас директордың Имашев кен орнын барлау жобасы жөніндегі орынбасары болып ауысты.
«Құрмет» орденімен,  ҚР Президентінің Алғыс хатымен,  ҚР Премьер-министрінің Алғыс хатымен,  ҚР Мұнай және газ министрлігінің Алғыс хатымен, Мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі үшін «Казэнерджи» қауымдастығының медалімен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста