Болат Ишанбайұлы Қарақұлов 1942 жылы 27 наурызда Алматы қаласында дүниеге келді. Өнертану ғылымдарының докторы, профессор, музыкатанушы, фольклоршы. Москва консерваториясының дирижерлік- хорлық факультетін бітірген. 1967-1969 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының хорлық дирижерлік кафедрасының дәріскері. 1970 жылдары ҚР Ғылым Академиясының М. О. Әуезов атындағы өнер және мәдениет Институтында жұмыс істейді. Қарақұловтың ғылыми қызметі музыкалық фольклор мен халықтық ән өнерінің алғашқы нұсқаларына тарихи-теориялық талдама жасаумен ерекшеленеді. Оның зерттеулік жұмысы қазақтың әндік музыкалық өнерін анықтап, зерттеуге бағытталған. Ол Қазақстанның әртүрлі өңіріндегі ән-әуендердің ерекшеліктерін, біртіндеп құрылуы тарихи процесінің заңдылықтарын ашуға тырысады. Б. Қарақұловтың "Асыл мұра" музыкалық-этнографиялық жинағы республиканың музыкатану ғылымына қосылған елеулі үлесі болып табылады.
Болат Ишанбайұлы Қарақұлов
Последние статьи автора