Болат Бақытжанұлы Жанасаев
Болат Бақытжанұлы Жанасаев 1952 жылы 29 сәуірде Ақтөбе облысы Темір қаласында дүниеге келген. Әскери қайраткер, генерал-лейтенант, әскери ғылымның кандидаты. 1975 жылы Алматы жоғары әскери училищесін, 1987 жылы Мәскеудегі М.В.Фрунзе атындағы әскери академияны, 2002 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.
1975-1980 жылдары Германиядағы Кеңес әскерлері тобында взвод, рота командирі, батальон командирінің орынбасары, 1980-1984 жылдары Сібір әскери округында батальон командирінің орынбасары, батальон командирі, 1987-1992 жылы Киев әскери округында полк штабы бастығы, КСРО ішкі әскерлерінің Орта Азия мен Қазақстан бойынша жаттығу полкының командирі қызметтерін атқарды. 1992-2001 жылдары ҚР Ішкі істер әскерлерінің шұғыл қимылдар бригадасының командирі, ҚР Жоғарғы Кеңесі жанындағы ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің төрағасы, ҚР Ішкі әскерлерінің қолбасшысы, ҚР ІІМ Ішкі әскерлері қолбасшысының І орынбасары жұмыстарында болды. 2001-2002 жылдары ҚР Республикалық ұланының қолбасшысы. 2002-2003 жылдары ҚР ІІМ Ішкі әскерінің қолбасшы, Ішкі әскер комитетінің төрағасы. 2003-2004 жылдары ҚР Ішкі әскерінің «Шығыс» аймақтық қосынының қолбасшысы. 2004-2006 жылдары ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі. 2006-2009 жылдары ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары. 2009-2010 Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы. 2010 жылдан «ҚазМұнайГаз» барлау-өндіріу акционерлік қоғамы бас директорның кеңесшісі.
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен (2003 ж.) және отызға жуық медальмен марапатталған.