Берік Ноғайұлы Асылов

Берік Ноғайұлы Асылов 1964 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында дүниеге келді. 1991 - 1992 жылдар аралығында Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының тағылымдамашысы, 1992 жылдың 17 наурызында Алатау аудан прокурасының аға тергеушісі қызметін атқарған.
1993 жылы Бас прокуратура тергеушісі, аға тергеушісі, 1995 – 1996 жылдар аралығында Алматы әуе көлік прокурорының орынбасары болды.
1996 жылдың сәуірі мен желтоқсаны аралығында Мемлекеттік тергеу комитеті, ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс министрлігінің әскери барлау қызметінде, Президент күзеті қызмет органдарында жедел - іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша бөлім бастығы лауазымында қызмет атқарды.
1996 жылдың желтоқсан айында ҚР-ы Бас прокуратурасының жедел- іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша бөлімінің аға прокуроры болып тағайындалды. Сол жылы аталған бөлімнің бастығы лауазымына ұсынылып, онда 2001 жылға дейін қызмет етті. 2001 жылдың қаңтарынан 2003 жылдың сәуіріне дейін Шымкент қаласының прокуроры, 2003 - 2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, 2005 - 2006 жылдары облыс прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
2006 - 2008 жылдары Батыс аймақтық көлік прокуроры, 2008 жылдың наурызынан 2010 жылдың маусымына дейін Ақтөбе облысының прокуроры болды.
2010 жылдың маусым айынан 2011 жылға дейін  - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары.
2011 жылдың қыркүйегінде  – Алматы қаласының  Бас прокуроры болып тағайындалды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен және «Ұлттық қауіпсіздікті Қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалімен марапатталған.
2011 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 3 дәрежелі «Мемлекеттік әділет кеңесшісі» шеніне ие болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста