Берік Бақытұлы Әбдіғалиев 1971 жылы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы Ұлытау ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Саясаттану ғылымының кандидаты
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында ғылыми қызметкер, Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары болып қызмет атқарған. 1997 жылы - Қазақстан Республикасы Баспа ісі және бұқаралық ақпарат құралдары Ұлттық агенттігі басқармасы бастығының орынбасары. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат депатраменті директорының орынбасары, Сараптау және жоспарлау басқармасы бастығы. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Сараптама орталығы меңгерушісінің орынбасары. 2000-2001 жылдары - Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары. 2001-2002 жылдары - Теміртау қаласы әкімінің орынбасары. 2002-2003 жылдары - Ұлттық зерттеулер институтының директоры. 2003-2004 жылдары - «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы орталық аппараты басшысының бірінші орынбасары, 2004-2007 жылдары - «Саяси білім қоры» қоғамдық қорының президенті. 2005-2006 жылдары - «Атамекен» Кәсіпкерлер одағы атқарушы директорының кеңесшісі. 2006 жылы - Киев облысы Вышгород қаласы мэрінің кеңесшісі. 2006-2007 жылдары - «Атамекен» Ұлттық дамыту орталығының директоры. 2007 жылы - Алтынбек Сәрсенбаев қорының басшысы. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Халықтар ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы. 2008 жылы - Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2008-2010 жылдары - Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының директоры. 2010 жылы - Ұлытау ауданының әкімі. 2010 жылғы тамыздан Жезқазған қаласының әкімі. 2012 жылдың ақпанынан ҚР бірінші вице-премьерінің кеңесшісі. 2012-2013 жылдары Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі. 2013 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.
Берік Бақытұлы Әбдіғалиев
Последние статьи автора